Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
139
Күн бояса күрең отпен шарбы бұлттың жыртығын...
Күн бояса күрең отпен шарбы бұлттың
жыртығын,
Көлеңкесі көлдей жойқын көлемі кем
шырпының.
Іңір сұрын қақ жарып кеп аққан жұлдыз
жымындай,
Әжем қонды түсіме кеп, үркітпеші, кірпігім.
Арша жаққан үлкен үйде ақ кіреуке
түн кілкіп,
Арқасына ай асылған манаурайды
шың – Бүркіт.
Шарананың деміндей қақ ұлпа жұмсақ
самалмен,
Кұс жолына ілінеді жібек қанат бұлт үркіп.
Сәл мұңайған хас сұлудың бұрымындай
төгілген,
Түн құлайды қара мұң боп көгімнен.
Орта жолда дамылдаған, мамырлаған
уақыттай,
Таң келеді боз желегі сөгілген.
Көктен тамған жас түйірі
Сенікі һәм менікі.
Жетім піскен жапырақты жамылады жел-үкі.
Тіршіліктің тынысы мол жұмақта,
Жер мен көктің желініне жабысады телі Түн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter