Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  137


Автор: Сұраған Рахметұлы

Еске түсті есіл күндер талайғым...

Еске түсті есіл күндер талайғым,
Самайымда ізі қалды сан айдың.
Жалпақ дала, жарты фәни – жомарттық,
Сана қырсау, жатыр толқып жан-айдын.
Дүние кең, сол жалғаннан тарайды Үн.
Сал әуені құтырады сарайдың...
Іріген құм, ашыған су, ал сосын,
Шіріген бір жұмыртқа тұр, қараймын.
Солар үшін қаншама мұң жазды адам?
Дейді мылқау:
– Мың да адаса жаздаған!
– Мен ғашықпын! – десем қызға:
Ол үнсіз.
Аяды ма, ақша берді аздаған.
Кешір дейді кесірі мол кеңес күн.
Керемет не, мүмкін соған теңестім.
Ең алғашқы ермек үшін тудым да...
Айқайладым:
«Ең соңғысы емеспін!»
Есек дәме:
Желге ұшты ма жаздағы Ән?
Отың қайда тозақтағы маздаған?
Десем мылқау:
(тағы, тағы таңданыс)
«Шоң бабалар шоқтан сүйе жаздаған!»
Ең ыңғайсыз, ең тебірік тұңғиық.
Олай болса алға қарай ілбиік.
Мен таусылдым. Ертең тура осылай:
Сен туасың ашаң қарның ілмиіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу