Өлеңдер ✍️
ӨЛЕҢ ЕМЕС ӨЛЕҢ
Тау бағып, Абай, жаурадың талай Арқаның зәрлі
сан «ақпанында».
«Қан теңіз» кештің сен қабағат қанат қағымда.
Қайта келдің бе, замана абызы-ау, «қалың
жұртыңа»
Қазақ сорлының абат таңы атқанында?!
Жығылып жүдедің алақан жайып ажал соңынан,
Жылылық тіледің тас тінділердің тажал тоңынан.
Арландар тістеп, қайран бауырларыңның
қоңынан
Арманда кеткен артыңнан бір топ қоңыр аң.
Сен бастарды көрмедің әйтеуір ағат кесілген,
Тағат таппаған елің, айырылып ерден Есілден.
Жұлдыздар бытырап ақыретсіздер сіңген мынау
далаң да
Аһ ұрып жатыр анары шұрқ-шұрқ тесілген.
Сол дала төсінен сүт деп біз ірің емеміз,
Сор, нала шырмаған шоқынды дүрмек,
тірі денеміз.
Қиылған тілінің қырқыны қалған жұртқа
жапақтап,
Домбыра пернесін кезіп күңіренеміз.
Күйерміз осылай, күнсіздің мәңгі мінін сілерміз,
Кеш, Құдай, біздердей топтарды,
Кеш Абай күлімсілерді.
Батырын табалап, жақынын жер еткендерміз.
Ақынын сабаған ғаламда бірінші елміз.
О, мәрт Абай, жүрекке таңба иттерге талатқаның да
Жаурадың талай Арқаның зәрлі сан «ақпанында».
Бармағым айтады тістеуден мәңгі қажыған;
Қазақтың қатесі – Абайды сабатқанында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter