Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  117


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ақ параққа жұққан қырау – күз өңі...

Ақ параққа жұққан қырау – күз өңі,
Қайтқан қаздар қанатынан құлап мұң.
Боз даланың боза түкті күземі,
Бүршігіндей сынаптың.
Қоңыраулы, омыраулы, Қыр. Ауыл.
Теңбіл айдың секпіл жүзі көзеңде.
Тырналардың сыбырындай тырауы,
Қыл қаламның қыбырындай өзендер.
Таңғы Бүркіт талас басы – тоғыз түр,
Шарбы бұлттың көрпесінде бүлініп.
Боз інгеннің көмейінде қобыз тұр,
Ботасының өркешінде ілініп.
Боз шудалы сағыныштар – жыл үні,
Гомер басы тоз-тоз болған, желеді.
Аққулардың қанатынан жұлынып,
Шаң қыраулап, мұң қылаулап келеді.
...Күз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу