Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  105


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ұзап кеткен күндерімді қуалап...

Ұзап кеткен күндерімді қуалап,
Өкпем қара қазандай.
Ішкі тысым, ішірткілеп дуалап,
Байлап қойған ғазалдай.
Жолдарымды жұтып жатыр қатпар қыр,
Кеудешемнің түймелерін ағыттым...
Көл шетінде шыбындаған аттар жүр,
Шуағындай шабыттың.
Енесіне еркелеген құлынның
Жалын үрлеп тау іші.
Самайымның ағына кеп ілінді
Сағыныштай қоңырқаздың дауысы.
Жігеріңді қайра осылай,


Керең Ес!
Нажағайдың ұшқынынан ал қиып.
Өлең деген– өлең емес, ерегес,
Арғымақтың ізіндегі сан қиық.
Күдер үзбе, сен пырақсың, бостансың
Ой, жер жүзіндегі кенің.
Төне берер дұшпаннан кек, достан сын
Қайта оралуымен сенім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу