Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
148

УАҚЫТ. ТАҒЫ ДА ҚАР
Қапалақ қар бетімді тырнап
Қалып,
Көшіп барам әйтеуір бір жаққа
Лағып.
Жаңа жауған күртіктің
Уысында
Қара бұлақ ағады сырғақ
Қағып.
Дүрс-дүрс соққан жүректі
Қолға ұстап,
Біреуге айтпай, біреуге жол
Бағыштап.
Еру жерге жеттік-ау
Мол қарыштап...
Бірақ жаным өзімнен
Қонды алыстап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇