Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
130

Беті секпіл қар жатыр....
Беті секпіл қар жатыр,
Бел демалып.
Зәулім шынар төбесін көлге
Малып.
Көш жүзеді түйенің Өркешімен
Көк күмбезі көңілсіз
Өлген алып...
Жел үреді, тау жақтан
Жел үреді.
Жел ысқырса ақ бозым
Еліреді!
Беу, ақбоздың апайтөс
Сауырындай
Еңсесі кең ен жайлау
Керіледі!
Көш жүзеді түйенің Өркешімен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇