Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
119
«Қол жетпес» деп аласаны
«Қол жетпес» деп аласаны
Заңғар қып,
Кеудемізге шоқ тұтатып,
Нан қарыдық.
Кәрі атаңның
Сақалында ілбиміз
Сары атанның
Табанына жалбарынып.
Шалдар сілем,
Шалдар бағыт,
Шалдар ұлық.
Сол үшін де
Сан шиырды аңғардық.
Құн өскінін
Құрым кигізге жазамыз,
Ту ешкінің көн тұлыбын
Шалбар қып.
Миын көсеп, селебемен,
Істікпен.
Үзеңгімен қисын сыздық
Үштікте ең...
Тарихтың арам шөбін
Шайқалтып
Жел соғады,
Сең соғады түстіктен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter