Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  600


Автор: Серікбол Хасан

КЕТЕМІЗ

Кетеміз біздер,
Мына күн –
Пендеге берген сынақ бір.
Басыңда, әне, сыңарың,
Жанарын сулап жылап тұр.
Қалады,
Бәрі – бір нүкте.
Жанұя,
Жиһаз,
Жан жарың.
Таяныш болған тірлікте,
Қолтығыңдағы балдағың.
Кетеміз...
Бітті...
Қош бәрі,
Аспандап жүрген күндер де.
Сыйласып жүрген дос та әне,
Ұмытып жатыр бір демде...
Өлесің.
Бәрі қалады,
Кетеміз түбі мына біз.
Кеңдігіне сыймай даланың,
Ғайыпты мекен қыламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу