Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
195
ҚАЙРАН, ӨМІР
Қайран, өмір,
Бүгін бар да, ертең жоқ,
Тіршіліктен табылды ма тұрағым?!
Жас күнімнің сөнгені ме бекер деп,
Жастығымды құшып талай жыладым.
Қайран, өмір,
Көп ішінде бүрсеңдеп,
Ессіз күнім, өтті-ау талай ұмтылған.
Қадіріңді жақынырақ білсем деп,
Қабірімнің орнын іздеп құтырғам.
Қайран, өмір,
Ақ жүрегім қақ тағы,
Құлшылыққа асық, қане... Құдайға.
Сынақ қайғы-қасіреттің аптабы,
Бір-ақ рәкат намазыма шыдай ма?!
Қайран, өмір,
Қадіріңді шын ұқтым,
Мен – пендемін, кету үшін келемін.
Кәмілі мен Жаратушы Ұлықтың,
Әмірі мен тағдырына сенемін.
Қайран, өмір,
Мен білемін қайда бақ,
Ар-амалым маңдайымда жазулы.
Ием – Алла,
Лә илләһә илла Аллаһ,
Пайғамбарым Махмұд – Оның расулы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter