Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  141


Автор: Серікбол Хасан

БЕУ, АЛМАТЫ...

«Беу, Алматы...
Қайдасың?» - деп жар салып,
Нән қалаға жеткен едім кеше мен.
Хан Абылай ескерткіші қарсы алып,
Алматымен бір боп кетті пешенем.
Содан бері арман қуып, алға аттап,
Анда-санда Ақ Жайықты сағынам.
Түсіме енді ауылдағы нарқоспақ,
Көрдім оны Алматының бағынан.
Беу, Алматы...
Жастығымның куәсі,
Көкіректен көзін ашты бұлағым.
Өзіңде екен ақындықтың тұмасы,
Жатағымда тұңғыш жырды құрадым.
Арлы ұлдарын арқасына өңгеріп,
Алатау тұр ақ сақалды – дана қарт.
Ақ қайыңдар ажарыңа өң беріп,
Сұлулықты сезінемін ғаламат.
Қадіріңе жете бермес былайғы,
Сенің даңқың басқалардан биік тым.
Маған сенің бір аруың ұнайды,
Өзіңді де өліп-өшіп сүйіппін.
Қала өмірі, бітпейтұғын тірлігі,
Қажытса да тұрам сені сағынып.
Сен сыйладың қарақат көз құрбыны,
Қадіріңді түсінбедім әлі ұғып.
Сенде өтеді бір күн асып бір күннен,
Беу, Алматы...
Сұлусың ғой тым ғажап!
Жадыланып қалдым білем мүмкін мен,
Бір өзіңнен кете алмай жүр бұл қазақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу