Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  165


Автор: Серікбол Хасан

ҚҰЛАЗУ

Жанары суланып дала тұр,
Жалғызбын... енбеді үйге ешкім.
Қажытып жіберді қала тым,
Қалжаурап қалғыған күй кештім.
Көрінсем... түріме күледі ел,
Сан-саққа жүгірді бастағым.
Жазып ем әдемі бір өлең,
Әйтеуір аяқсыз тастадым.
Жабыңқы... жанардан нұр қашқан,
Бүлінтіп барады бұ сезім.
Түнгісін жұлдызбен сырласқам,
Не үшін? Соны әлі білмедім...
Ешкім де жаныма келмейді,
Жалғыздың жаралы халі бұл.
Жылтылдап жанарым сөнбейді,
Жыпылық қағумен әлі тұр.
Жүрегім кеудеме сыймаған,
Асаудай тулаған қалпында.
Қозғалған сайын ол, қиналам,
Тұрғандай ажалдың алдында.
Өзімді алдаймын өлеңмен,
Таусылып барады шыдамым.
Күн сайын кездігін кезенген,
Қажытып жіберді мына күн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу