Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.06.2022
743

Өнер жарысы
Сәлем бердім баршаға,
Келдім тағы ортаға.
Сынақтардан өтейін,
Қанша қиын болса да.
Жібермеймін намысты,
Қыздырамын жарысты.
Жастайымнан зерек боп
Өнерменен табыстым.
Мені туған ата-анам
Маған бәрін жасаған.
Атам-әжем – тілекшім,
Мен солардан бата алам.
Бәрің жақын келіңдер,
Өнерімді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇