Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  112


Автор: Қасымхан Бегманов

Сол жылы жазда қырғызға бірге барғанбыз...

Сол жылы жазда қырғызға бірге барғанбыз,
Суынан ләззат, жерінен қуат алғанбыз.
Үзеңгілесім, көңілді біздің толқытты,
Шолпан ата мен Ыстық көл жақта қалған қыз.
Жұлдыздай қыздың өпкенде самал жамалын,
Шабдан батырдың көрдік біз барып қамалын.
Хан Кенені ойлап тұрғанда сездім, аяулым,
Түбінен жердің мені іздеп бір мұң табарын.
Тұсынан өттік баяғы Он бір жыраның,
Наурызбай төре қайда деп одан сұрадым.
Қырғызға қарай сапарға шықсам, шырағым,
Далаға қарап оқитын менің құраным.
Есіме алсам Хан Кене ердің ұранын,
Жас баладайын келеді өксіп жылағым.
Әлдекімдерден алаңдап кейде, елегзіп,
Әлденелерді келеді менің сұрағым.
Ыстық көл дейтін армандай толқып көл жатыр,
Бұл топырақта қаншама біздің ер жатыр.
Ана кеденнен өтеміз қазір, дариға-ай,
Артымда Бішкек, алдымда біздің ел жатыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу