Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  154


Автор: Қасымхан Бегманов

ҚОЛДАУШЫСЫ АЛАШ АТТЫ РУХТЫҢ...

Беу Астана,
алтын ордам,
көкорай бел,
көк кiлем,
Ақжайықтық мұзбалаққа
мекен болдың деп бiлем.
Ескi сүрлеу,
қасқа соқпақ,
хандар салған кешегi,
Нұрсұлтандық нұрлы жолға таңдап түскен тектiм ең.
Сен шығарған жүз кiтап ол,
жүз үмiтi елiмнiң,
Жүз құсындай шартарапқа самғап ұшқан
көлiмнiң.
Әр тасына шыр-шыр етiп қорған болған
ардақтым,
Қатпар-қатпар қайғысы көп ұлан-байтақ елiмнiң.
Кешегi өткен Қонаевты сүйсе Алашым,
Димаш деп,
Сүйдi сенi исi қазақ мынау бiздiң Имаш деп.
Исатайлар сiңiп кеткен кездiң құмын
Нарынның,
Жарқыратып жолын аштың
қаншама жас дарынның.
Қалың қазақ сездi лебiн кеудеңдегi жалынның,
Сахарада дүбiрлеген сазын ескi сарынның.
Саналарда жаңғырыққан
Сарайшық пен Отырар,
Бұлақ едiм
Ақжайыққа он оралып қосылар.
Хан Кененiң
Наурызбайға айтқан соңғы сөзiмен,
Жүрегiмде Қараойдағы
Махамбеттiң қосы бар,
Еске түссе көздiң жасы ақ бұлақтай жосылар.
Төлегеннiң қайғысы бар
алты қазға зарлаған,
Басын идi Елбасыма аспан асты,
бар ғалам.
Бiр келедi екi тұлпар
қара қазан қамы үшiн,
Алты айшылық дүрбелеңде шабысынан танбаған.
Бала кезден бiлiп өстiң биiктiгiн таулардың,
Додасында жарып шықтың алуан түрлi
даулардың.
Алтын айлы мешiттегi иманындай Алаштың,
Қайғысына ортақтастың, досың түгiл жаулардың.
Бабаларым емiп өскен анасындай қасқырды,
Бар мұрасын қиын сәтте сенiп саған тапсырды.
Күлтегiн мен Бейбарыстар
қанша ғасыр өткен соң,
Туған жерге оралғанда жанарымда жас тұрды.
Табындырған, сағындырған
қайран сайын даланы,
Күлтегiнге бiздiң қазақ неге сирек барады?
Желтоқсанда
тәуелсiздiк жырын қалай тыңдаттым,
Желтоқсанда дүние есiгiн айқара ашқан
қымбаттым.
Сәл ойлана қарағанға
бiр күнiм жоқ текке өткен,
Азғана жыл дәрiс алғам өзiң салған мектептен.
Шерлi болып өткен кеше Мұқағали,
Қасымдай,
Шала ойлы,
кейбiр шартық күндi кештiм шеттеткен.
Ешқашанда,
ешкiмге де сатылмайтын,
сатпайтын,
Озық ойлы азаматым ел үмiтiн ақтайтын.
Алыс ауыл ұлт тағдыры шешiлетiн тар шақта,
Қайталанбас парасатты дара ұлын тапты айқын.
Елiңе айтқан,
жерiңе айтқан,
сол бiр мөлдiр сыр есте,
Халық жаққа шықтың тайғақ,
тіке тартыс тiресте.
Нұрсұлтанмен бiрге болдың,
Отан-Ана ел үшiн,
Тәуелсiздiк жолындағы теңдесi жоқ күресте.
Қара қайғы куәсiндей
сонау зарлы сәттердiң,
Шоқайұлы Мұстафаның
құжаттарын ап келдiң.
Композитор Нұрғисамен
мәңгiлiкке сыйластың,
Ғұлама ақын Олжас пенен хат арқылы сырластың.
Бауыржанның алмас
қылыш мiнезi бар бойыңда,
Аянбадың ел деп өткен
алыптардың тойында.
Туған дала қырандары
қанаты сәл талғанда,
Саған қарай асыға ұшты
оңашалау қалғанда.
Қолдаушысы, қорғаушысы
Алаш атты рухтың,
Аман жүр деп тiлейдi елiң бес күндiк бұл жалғанда.
Қасқа, жайсаң жазылмаған жүректегi жарасы,
Еңбектеген сәбиiмен, еңкейген қарт арасы.
Барлық аруақ рухтары разы деп бiлем мен,
Тар заманнан аман өткен бұлт басып түнерген.
Қара түнек өттi,
кеттi, шуақ шашты жарық күн,
Асау қазақ бой үйреттi қыспағына нарықтың.
Аруанадай аңыраған Ана тiлдiң тағдыры,
Елбасыммен өзiңiзде, бар үмiтi халықтың.
Қыста өтер,
Наурыз келiп
маржан шашар жаңбырдан,
Ақындарға үй бердiңiз,
пәтер жалдап қаңғырған.
Асыл Имаш,
гүл қаламды отыр бүгiн басқарып,
Сүйем мәңгi Алматымды қайта түлеп жаңғырған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу