Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  113


Автор: Қасымхан Бегманов

Бұйығылау боп өстiм де...

Бұйығылау боп өстiм де,
Көкiректе арман сызаттап.
Сезбейтiн сiрә ешкiмде,
Мен сүйген қызын көршi ауыл,
Той жасап ертең ұзатпақ.
Көкбаразданған бойыңа,
Не теңеу айтсам рауа.
Жадау көңiлмен тойыңа,
Алшайысу батып жаныма,
Боз атпен келдiм күн ауа.
Күтетiн әкең «шынжырлап»,
Жанынан шықпай бiр адым,
Сағалдырығың сылдырлап,
Дәмелi жұрттан сытылып,
Бөдес қылаңмен ұзадың.
Күйеуден бозым үстем ет,
Жiгiтке сын ба, қалған сын,
Ернiңнен үнсiз тiстелеп,
Үстiңнен төнiп сүйгенде,
Жағымнан тартып қалғансың.
Ал сонда кiмдi қаусаттың,
Қаусырды қазiр күз менi.
Жағыма тиген саусақтың,
Жүзiмде емес, жаным-ау,
Жүректе қалды iздерi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу