Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  125


Автор: Қасымхан Бегманов

Саусақтан сусып серiлiк...

Саусақтан сусып серiлiк,
Түстiм мен күйге сергелдең.
Өзiңе оңай берiлiп,
Кеудеңде сенiң көктеп ем,
Балауса балғын бейнеммен.
Ақ қайың ару шешiнiп,
Ақ қарға жатты жуынып.
Тұрдың да үнсiз
тесiлiп,
Сәби жүректi
жөргектен,
Әкеттiң бiрге суырып.
Болғанмен өзi көрiксiз,
Арманы асқақ арынды.
Сезбедiң сонда,
елiк қыз,
Қасымхан болып танысқан,
Қасыммен қоштасқаныңды.
Көресiң бәрiн тiрлiкте,
Дегенмен,
қалқам,
ешқашан,
Жылусыз менен жыр күтпе.
Өлеңге қажет болса егер,
Жалғыздықпен де достасам.
Ғұмыр-ай,
неткен тылсым ең,
Мұңыңмен бойды
тербейсiң.
Жазылмай жүрген бiр сыр ең,
Өзiңдi асқақ қалпыңмен,
Кеудеме, менің жерлейсiң.
Болғанмен өзi көрiксiз,
Арманы асқақ арынды.
Сезбедiң сонда елiк қыз,
Қасымхан болып танысқан,
Қасыммен қоштасқаныңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу