Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
100
Сен тұрдың менi арманшыл ағаға балай...
Сен тұрдың
менi арманшыл ағаға балай,
Дос пенен дұшпан, дариға-ай, табаламағай.
Жүрек пен теңiз,
аспан,
жер астасып кеттi,
Толқындар шулап асықты жағаға қарай.
Толқындар қайта
ұмтылды шегiне қалып,
Сен тұрдың елдiң сан түрлi сөзiне налып.
Бауыры күнге шағыла шолп ете түскен,
Жастығым болып көрiндi көзiме балық.
Толқындар келiп
ақырын тобықтан ұрды,
Тарттың сен керi иiрiммен қорыққан ұлды.
Қош,
аяулы қара көз,
Шардара жақта,
Есiме ап жүрем ақ нұрмен жолыққанымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter