Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
129
Үрiкпей ерке киiктер...
Үрiкпей ерке киiктер,
Даланың барлық сал-серiлерiн жиып кел.
Өзенге қонған үйректер,
Жиналған жұртқа әуелей ұшып билеп бер.
Тұрайын қарап мен үнсiз,
Жасаңдар тойды, жасаңдар тойды келiнсiз.
Ойнасын барлық балалар,
бiрiмен-бiрi алысып,
Қарсы алсын жiбек жағалар,
толқындар жетсе жарысып.
Жүретiн iштей ұнатып,
Ынтығын жiгiт алмасын бүгiн жылатып.
Сызылған жеңге-қайындар,
Далаға түгел түгi бар кiлем жайыңдар.
Домбыра қайда,
төгiлсiн сосын тойбастар,
Тыңдасын дала, тыңдасын тарих қойтастар.
Шеттеме сен де,
жақын кел мында,
қырғауыл,
Соқсыншы сосын соқпаған асқақ жыр дауыл.
Жiгiттер жүрсiн жорғамен табақ таратып,
Ортаға бүгiн Бiржан мен сұлу Сара шық.
Жолаушы сен де сауыққа мына мойын бұр,
Төлеген күткен тойым бұл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter