Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  300


Автор: Қасымхан Бегманов

ҚАЙРАН АНАМ

Бұлбұл ма таңда бiр сәт сайрамаған,
Жiгiт пе елiн-жұртын ойламаған.
Дүниеден баяғыда
өтiп кеткен,
Есiме түстi бүгiн қайран анам.
Есiме түстi менiң асыл анам,
Бiздердi баққан-қаққан, асыраған.
Жан баласын
жатсынбай дүниеге,
Мейiрiмi шуақ болып шашыраған.
Өмiрден өттi солай ғашық адам,
Қиындыққа, жоқтыққа жасымаған.
Қара жолда
баратып қоңыр кеште,
Есiме түстi тағы асыл анам.
Екi дүние арасын салмақтаған,
Дүниеден өттi-кеттi ардақты адам.
...Аманатын арқалап
ғарiптердiң,
Ғұмырын мұңлықтардың жалғап барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу