Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  93


Автор: Ұлықбек Есдәулет

СМОЛЕНЩИНА

Аштықты және тоқтықты
Басқа да жермен көрер тең.
Атағың неден көп шықты,
Смоленщинам — көне өлкем?
Құнарсыз, шырсыз жеріңмен,
Жүргізбес батпақ жолыңмен,
Сүліктер сорған еліңмен,
Боларсың даңққа көмілген...
Есімде,
Тихон қарт көптен
Қамығып, қайғы жанын жеп,
Түнеріп тұрып, шарт кеткен:
— Ағызса суға... бәрін!... — деп.
Жер де емес еді-ау жер дейтін,
Қанша ексең түк те өнбейтін...
Бөленіп мүкке бұйықты
Тереңі тұнған нелер кен.
Сайтан алғыр-ай, сүйікті,
Смоленщинам — көне өлкем!..
Жер едің мешеу, қапалы,
Түрлендің енді көптен-көп.
Төңкерістердің атағы
Өзіңді аттап кеткен жоқ.
Жар етіп жарқын өмірді,
Жаһанның жайды бәрі өркен,
Міне, енді бай да көңілді,
Смоленщинам — жаңа өлкем.
Тоқшылық туын көтеріп,
Қырларың сенің сый көрді —
Түстіктен тұқым әкеліп,
Егуді мұжық үйренді.
Қашықтық деген күрт кеміп,
Шалғай жер енді қалмаған,
Дуаннан шыққан жүк-көлік
Жаңа көпірмен заулаған.
Жайылды жақсы атағың,
Жағалай — жаңа мекендер.
Смоленщинам — Отаным,
Бар ма екен саған жетер жер?
Түтініңді аңсап өтемін...
Қанша күн өтті?
Қанша жыл...
Армысың, туған мекенім!
Бар ма екен Тихон шал қазір?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу