Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
164
СІЗ
(Жынмен тілдесу)
Құлыпсыз есік.
Түрмесіз дала.
Сиқырлы жүзбен,
кіргесіз мана,
екі көзіміз төрт болып тостық,
әуресін артқан бізге — Сіз ғана!
өз қырсығымыз — өз дәруіміз, —
көзді алуымыз,
сөз бағуымыз,
Сіздің қырсықты сыйғыза алмадық, —
қозған жыныңыз, созған уыңыз.
Есікте — құлып.
Далада — түрме.
Ағайын — араз, араға кірме!
Іштегі құрттың шығатын кезі,
Құритын кезі келе жатыр де!
«Сіз» деумен келіп,
«Сізбенен» кетпей,
аюды жарып іздеген өттей,
ішімді түгел сүліктей шарлап,
жүрекке қонып жүз көбелектей,
қаптай бересіз,
таптай бересіз,
бәйгеден дәйім шаппай келесіз,
алдайсыз көзді,
арбайсыз бойды,
бейітте жанған оттай неге, Сіз??!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter