Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  169


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАНДАУЫР

Тамырын қиып ваннада,
Кеше бір көршім көз жұмды,
Таңдайын қағып таңдана,
Қоңсылар түгел сөз қылды.
Сөз деген не ол?
Сөз деген —
Тірінің қалды ісі боп.
Баурады ма оны өзге әлем, —
Бағамдап жатқан кісі жоқ.
Қасында қанды ваннаның
Қандауыр қалды қылпыған...
Қылғаны шығар Алланың,
Келтірер оған кім күмән?
Өлді де қалды пенде бір,
Тынды да қалды алған дем.
Қоштаса салар жеп-жеңіл,
Өмір-ау, сонша арзан ба ең?
Менің де жолым болмады, ә?!
Тағдырдың басты-ау мысы, әттең...
Жатырмын ойнап ваннада,
Қандауыр қара пышақпен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу