Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
148
ЖАРҒАНАТ ЖЫРЫ
Кел, кел, түнек!
Кел, түнек!
Өлер болдым тентіреп,
өлер болдым өртеніп,
өшір мені, бол тірек!
Қап-қара түн, түнек түн!
Құрсағыңнан шыр еттім,
құшағыңда ержетіп,
құндағыңда түлеппін.
Түннен туған халықпын,
түн қойнында жаныппын,
қара көзім қарығып,
жарық күннен жалықтым.
Кел, кел, түнек!
Кел, түнек!
О, жаратқан, бер тілек,
жол үстінде жортайын
желкендіге жел тілеп.
Кел, кел түнек!
Көз ілме,
Тас тұғыр бол төзімге,
жердегі бар жарықтың
түп-төркіні өзіңде!
Кел, кел түнек! Кел түнек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter