Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  144


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЖАНТӘСІЛІМ

Құм басып даланы
із біткен жымдасып барады,
опасыз мынау жалғанға
кім ғашық болады?
Сәл тоқталыңдаршы,
көзім түк көрмей қалды,
аңғалағына қадалған
оқты алыңдаршы,
еңсемді көтерейін,
ей, аспан,
төбемнен тоқпағыңды алшы,
дүние неге қараңғы,
от жағыңдаршы?!.
Бұл жақта ебелектер көп,
сайтан көбелектер жоқ,
мені тірідей көмген бе, немене,
барамын керемет терлеп?..
Сыр сақта, ұлым,
(бір сәт таныдым),
айырмашылығын мен айтсам
ене мен жердің құрсақтарының,
мына жел қайдан әкелді,
иісін гүл шоқтарының?
Суырыңдаршы оқты,
ажыратыңдаршы токты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу