Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  125


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Өздері өткен көпірлерін

Өздері өткен көпірлерін
Өртеп кеткен ағалар-ай.
Өткел таппай өкінгенім,
Өзен бойын жағалап-ай...
Өте қояр қайық та жоқ,
Өткел табар байып та жоқ,
Өр кеудемен қойып кеттім,
Өлерменге айып та көп.
Тартып келем барым салып,
Тырмысамын,
Талғандаймын.
Тау толқыннан қарым талып,
Тауым қайтып,
Тал қармаймын.
Алда
көзді бақырайтып,
Ағалар тұр ақыл айтып:
«Алай жүзбе, былай жүз! — деп.
Арыныңды сынаймыз...» — деп.
Асау толқын арасынан
Мен келемін Құдайды іздеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу