Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  124


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚОЗҒАМА

Өткен күндердің елесін
індетіп қайдан келесің?
Құдіретің бар ма бүгінде
теңіздің жатқан түбінде
көтерер жастық кемесін?
Өткен күндердің сәулесін
қуалап неге әуресің?
Көзіңді қарықтырмаса,
өзіңді ғаріп қылмаса
айтарсың сосын тәубесін.
Қайтесің қозғап ескіні,
қалмаған тіпті еш құны?
Жайлы да тимес бұл аса,
төбеңнен келіп құласа
естеліктердің көшкіні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу