Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
134
Бүршіктері буазып тұр бәйтерек...
Бүршіктері буазып тұр бәйтерек,
бұлт — елгезек,
бұтақ біткен — қаукелек,
шүкір, шүкір, көктем шығып келеді,
осы көктем келмей қойса қайтер ек?
Махаббаттың балдай тәтті ерінін,
көксеп жүрген көні кепкен пері кім?
құштарлықтың оттай ыстық құшағын,
бір көргеннен сары майдай ерідің.
Махаббаттың батпан жүгін артарсың...
улы балын қас-қағымда сарқарсың,
содан кейін сағыныштың зардабын,
ғұмыр бойы, бақи бойы тартарсың...
Махаббаттан мән іздеген Мәжүнін,
Ешкім сені түсінбейді — жазығың.
Жастық дәурен арғымақ ат болғанмен,
Қайта айналып таба бермес қазығын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter