Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
177
ДӘЛІЗ ЖУҒАН КЕЛІНШЕК
Сен жуып кеткен Баспалдақ,
жылап жатыр жанарынан жас парлап,
бәлкім, сенің саусағыңды сағынды,
мен табаныммен басқанда-ақ.
Анау жоғары шыққан сал бөксе,
мынау төмен түскен нәлді өкше —
келмеске кеткен:
оның құм кезін,
сенің қыз кезіңді, мүмкін, салды еске?.
Мен тұрмын әлі үйге енбей,
телегейге көзім үйренбей:
құмның алқымын,
қыздың балтырын
шөпілдетіп толқын сүйгендей!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter