Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  135


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАНДЫКӨЙЛЕК

Сезімтал,
Сергек,
Сері,
Серке жігіт,
Сең бұздың сере мұзға ерте кіріп,
Жауға атқан Махамбеттің жебесісің,
Жорықта домбырасын шерте жүріп!
Мөп-мөлдір көңіліңнің тұнықтығын,
Бұл әлем болмады ма ұғып бүгін?
Сездірмес сенің ыстық жүрегің бар
Тағдырдың тоң мінезді суықтығын.
Қырық жас бізден кейін қалды ғой деп,
Қамықпа,
Қайран досым — қандыкөйлек.
Қызығы тарқамайтын бұл дәуренді
Ойлайық бастан өтпес мәңгі ғой деп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу