Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  111


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ШҮЛЕН

Шабыт-жыным
Бумай бойды,
Өлең шіркін тумай қойды,
Сақал-шашым қудай болды
ой мүжіп...
Тұрмыс қолды байлап алды,
Түн меңдеді айналамды,
Қай ауылда,
Қайда қалды,
той — қызық?
Жанды шаққан бүйі — сезім,
Қайдан маған туыс едің?
Тағы да енді у ішемін
жетілеп...
Қалпыменен құба қоңыр
Сырғып жатыр сынап — өмір,
Дүниенің сірә, кеңір
беті жоқ...
Бар күдерін бұл жалғаннан қойды үзіп,
Бар шүленнен құр қалған жан —
жетімек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу