Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  133


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЕМЕННІҢ ҚИСЫҚ БҰТАҒЫ

Қояйын-ақ дегенмін,
баспасөзге беруді
бұтағындай еменнің
қисық өлеңдерімді.
Уды балап шекерге,
сор жинағам тұз егіп,
балталаса — кетер ме,
қисық бұтақ түзеліп?
— Жетер, бекер қысылған,
дейді маған, — өлең бер,
«кәрі орыстан — мұсылман»
шығарамын дегендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу