Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
132
АСТАНА ТУРАЛЫ ӘН
Ақша бұлттар,
Аспаныңда
Ақ ботадай ойнақтаған, жас қала.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, Астана.
Көшелері күнге ғашық,
Әрбір тасы ән салатын, Астана.
Жырын толғап, биге басып,
Жер-жаһанды қарсы алатын, жас қала.
Аппақ түнде арайыңды
Аңсап тұрып жұтып бағам, Астана.
Жусан иісі танауыңды
Жұпарымен қытықтаған, жас қала.
Еркелеген Есіл ару,
Бұрымдары жарқылдаған, жас қала.
Таңы — сұлу, кеші — дәру,
Ақ самалы аңқылдаған, Астана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter