Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  150


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЖАҢҒЫЗТӨБЕ. РОЗА РЫМБАЕВА


Жусаны жұпар шашқан
Жаңғызтөбем,
Жоныңнан жалаңаяқ
Жалбыз терем.
Жанымның жапырағын жамыратып,
Жарысып жібек желмен жалғыз келем.
Алдымнан адырларың андыздаған,
Ауылсың қасиетті, Жаңғыз, маған.
Аулақта ата-анамды аңсағанда
Ақ жауын алқымымды айғыздаған.
Атыңнан айналайын «Жаңғыз» деген,
Төркіні текті өнердің әнді үзбеген.
Жаһанның Жерұйығы сен едің ғой,
Атамыз Асанқайғы мәңгі іздеген.
Жер бар ма бұл жалғанда Жаңғызымдай,
Жеткізген бұлаңдатып хан қызындай.
Тілеймін болсыншы деп елім аман
Ешқашан жарылыстан қан бұзылмай.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу