Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
126
ГҮЛ ҒҮМЫР
Астынан қардың ақ мамық,
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер жалт етіп,
Найзағай оты іспетті.
Тұрса да өсіп күнгейде,
Солады екен гүл бейне.
Өмірдің солай өткенін
Қаларсың ертең білмей де.
Көктемнің көркі - назды гүл,
Көрмейтін мүлде жазды бір.
Табиғат заңы осындай,
Жасындай жанған аз ғұмыр.
Өмір мен мынау өлкені,
Жыр қылып өту - серт еді.
Жырлайын ерке сезімді,
Гүл ғұмыр өтпей келтелі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter