Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
92
Жыр жаздым қырық екі әріппенен...
Жыр жаздым қырық екі әріппенен,
Зор үміт күткеннен соң халық менен.
Ауылымның жұртына алғысым көп,
Өнерді бойымдағы дәріптеген.
Мұраға бабалардан қалыпты өлең,
Сусындап жырларына қанып келем.
Ақындық ардың отын алаулатып,
Ендеше мен де өзімше жанып көрем.
Мен енді жыр әлемін бетке аламын,
Мұқалмаса болғаны тек қаламым.
Ежелден қазанында сөз қайнатқан,
Алаштың ұлы болсам деп қаламын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter