Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
123
АЙ ТУҒАН СӘТ
Ай туыпты жұмада әке бүгін,
(Оған сәлем бермесем қателігім).
Ай көрдім, аман көрдім деп айтатын,
Бар емес пе қазақта мәтел-ұғым.
Ақ бұлттары аспанныңшудалы екен,
Арасынан шалқақтау туған екен.
Тысқа шығып айға әке бата қылшы,
Алаңдамай сырттағы шуға бөтен.
Ақ қылыштай суырған қыннан лезде,
Өткір екен сәулесі ұрған көзге.
Саулық сұрап Тәңірденбет сыйпайық,
Қара аспанды бұлт баспайтұрған кезде.
«Айдан аман ет Алла, жылдан есен,
Ел ертеңін жарқын ғып нұрбер әсем.
Жауын болып осы айда егін жайға,
Толсын балам осы жылжырға көшең».
Әумин!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter