Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  141


Автор: Жангелді Немеребай

Сенің атың Сезім дейтін ұлы күш...

Сенің атың Сезім дейтін ұлы күш,
Менің атым көз ілмейтін Құбылыс.
Сендік жүрек мені сүйген періште,
Мендік жүрек кеудемдегі пейіште.
Сендік ғұмыр жыр бейнеге айналған,
Мендік ғұмыр тағдыры тас байланған.
Сендік қиял мен білмейтін ағыста,
Мендік қиял бүгін тағы ғарышта...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу