Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  138


Автор: Жангелді Немеребай

БОЛМЫС

Тал бойынан танытқан адалдықты,
Шын періште сияқты ол маған тіпті.
Асқақтығы кем емес хор қызынан,
Қарапайым бірақ ол болмысынан.
Тұнық тамшы секілді мөлдіреген,
Тұнық сезім тек содан көрдім ерен.
Табылса да нәзіктік бір өзінен,
Батылдығын байқадым мінезінен.
Болса да көрікті аймен таласатын,
Одан да биік еткен парасатын.
Қыста да арылтпайтын бағын гүлден,
Жаны-көктем сол жанды сағындым мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу