Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
157

Таң алдында тамылжытқан бұлбұлым...
Таң алдында тамылжытқан бұлбұлым,
Сайра, сайра, сайрайтұғын күн бүгін!
Шаһардағы жалғыз ояу мұңлының
Ғашық болып ah ұрғанын бiлдi кім?
Арзу болды ол көpiп гөзал бануды,
Жазған бала ақылынан жаңылды.
Kipпiк iлмей қадiр түнін күзетіп,
Көзін сүзіп терезеге таңылды.
Кетті қahap, ерте бahap жол алып,
Бүршік атты жаһан дүние жаңарып.
Бермедің деп, тағдырым-ау, тілекті,
Отыр ендi тар бөлмеде қамалып.
Ей, бұлбұлым, бұл мұңлының ындынын
Əнмен cyғap, көзін құрғат, қу мұңын!
Ceнiң ғaнa... ceнің ғана сырлы үнің
Серпе алады қасіреттің түндігін!
Ей, бұлбұлым, бас мұңлының ындынын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇