Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
187
МАЙДАНГЕР
Тербетіп көкірегін туған ұя,
Туған ұя – толқыған Сырдария,
Келеді қарт...
Соғыста Отан үшін
От кешіп қайтқан еді бұл қария.
Жүрекке сол соғыста жара салған
Жұлдырды екі аяғын қара саннан.
Бұрынғы көк тіреген бойы да жоқ,
Бұл күнде бетегедей аласарған...
Жұрты мақтан тұтадыжаралы ерді,
Жеңісті ол қан майданнан ала келді.
Жарғақ киген санымен адымдайды,
Кешіп келе жатқандай қара жерді...
Көз салар кешкі ауылға өрге шығып,
Жігерлі жанарынан сөнбес үміт!
Отанға түскен жүкті көтерем деп,
Кеткендей жарты тəні жерге сіңіп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter