Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  116


Автор: Мәди Қайыңбаев

ШЕНЕУНІК+ШАРАП

Менің жаным балқытатын темірді
Қазыбектей атам айтқан көмір-ді –
Жаға-жаға күл болғанын жанымның
Жанымдағы шенеуніктер не білді?!
Жалын атқан өлең жаздым неше мың,
Өлеңіме балқымады есерің.
«Ақ параққа айтып қойып сырымды»
Қадекеңше, қайтып жүр ме меселім?!
Əй, солай-ау! Солай шығар сірə да,
Шыныменен адасқан ғой бұ бала!
Шенеуніктің сыра ішкенін көрдің бе,
Сен де ендеше менен шарап сұрама!
Жып-жылы кеш.
Айға қара көктегі,
Өміріңнің өтті дейді көктемі.
– Төгейін бе?!
– Төкпейін бе?!
– Төксем ше?!
Есенғали шенеунік қой:
– Жоқ! – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу