Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  116


Автор: Мәди Қайыңбаев

ЕРКІНДІКТІҢ ҚҰРБАНДАРЫ НЕМЕСЕ АУТОДАФЕ

Надандықтың қарақшысы көз ілмей,
Дінбасының беделі үстем кезінде
Өз пікірін еркін айтқан талайлар
Құбандыққа төтеп берген төзіммен.
Біліп мынау табиғаттың не екенін,
Біліп мынау дүниенің өтерін,
«Құдайлар жоқ! – депті ойшылдар, – аспанда,
Аспан – сансыз жұлдыздардың мекені!».
Күпірлігі, күнəсі үшін осындай,
Ойын еркін айтқаны үшін жасырмай
Құрбандыққа ұшырапты даналар,
Қоғамдық зор көзқарасқа қосылмай!
Еркіндікті баса алмады мұң, үрей,
Лаулай түсті өрт сияқты бұ дүлей.
Ибн Сина шіріді де түрмеде,
Бруноны жақты поптар тірілей!
Ұлылардың өмірінің мəні бұл!
Шындықты айтып, мысын басып бəрінің
Ванини да қызыл тілін «жұлдырып»,
Жанды отқа шашып кеңге жарығын.
Өршіл жырым,
Сен де ерлікті шерт енді!
Мызғымастай қылу үшін ертеңді –
Москвада ХVІ ғасырда
Коноплев, Курицындар өртелді.
Надандықты айтсаң, таусып болар ма,
Ивановты жақты байлап бағанға –
1714-інші жылдары
Москвада поптар Қызыл алаңда.
Ғылым1 бастан талай тарих өткерді,
Азапты да, мазақты да көп көрді!
Варшавада қан базарда
Литван Лыщинскийдің ажалы да өрт болды.
Үлесі мол қасірет пен бағыңнан
Еркін ойға – ерлік ойға табынған
Кісендеулі қолжазба
Дін біткенге қарсы топтар осылай
Ереуіл туын көтеріпті жалыннан.
Жанын қиған,
Заманына қорған боп,
Еркіндікті аңсағанға арман боп, –
Брунолар, Ивановтар, Максимов
Жұлдыздар ғой аспандағы жанған көп!
Еркіндіктен көкке шықсақ арман не!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу