Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
118
Атақтылардан мадақтау, атақ сұраман...
Атақтылардан мадақтау, атақ сұраман,
Алақан жайып, көрсетiп жасты жыламан.
Бiреуге емес, оңаша ғана жылат та,
Өзiң жұбат деп құдайдан ғана сұрағам.
Ақын деген, ол – «жараның аузы, сыздауық»,
Жүрек пе, жүрек әншейiн ғана қыз-қауiп.
Шыбындай жан ба, өрмекшi ойдың торы – ол,
Өлiм не, тәйiр, жүректiң ғана мұздауы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter