Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  159


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Жалғызбын деп жабықпа, замандасым...

Жалғызбын деп жабықпа, замандасым,
Сен о баста жалғыз боп жаралғансың.
Жалғыз ғана тамшыдан қан боп құйып,
Алпыс екi тамыр боп таралғансың.
Жаратқаннан жалғыз боп жол алғансың,
Жалған деген нүктеге тоналғансың.
Сол нүктеге сыймаған тозаңсың сен,
Жетпей жүр ме, қасқам-ау, соған басың?
Жалғызбын деп жалғанды еш күндеме,
Езiлме! Ездiк айтпа ешкiмге де.
Аспан жалғыз, ай жалғыз, күн де жалғыз,
Әлем жалғыз, ендеше, ешпiн деме.
Бiле алмай бұл дүниенiң ақ-қарасын,
Қанша жақсы болсаң да жақпағасың.
О баста бiреу болып жаралған соң,
Өмiрден жалғыз болып аттанасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу