Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  111


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Жоғарыдан төменге менменсiнген тiршiлiк

Жоғарыдан төменге менменсiнген тiршiлiк
Сорға толы жанарға бiр батады, бiр шығып.
Қара өлеңнiң шуағын сыздықтата түсiрдiм,
Қолымда бар болса да, мен де өзiмше қырсығып.
Жарық дүние сәулесi әулиенi қолдаған,
Мөлдiр, тұнық аспанды тозақ түнек торлаған.
Мұнарт шыңнан кiртиiп Хантәңiрi көрiнiп,
Надандарын қара жер жазығымен алдаған.
Көлгiрсiген көпестi топыраққа орадым,
Тепкi көрген тастарға мейiрiммен қарадым.
Сымбатына сұңқардың байладым да жырымды,
Өкпе-назды аққудың қанатымен сабадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу