Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  122


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Қыз-ғұмырым жыр-ғұмыр боп алмасып...

Қыз-ғұмырым жыр-ғұмыр боп алмасып,
Бар қылығым Ардағыммен жалғасып.
Менiң көрген өмiрдегi бейнетiм
Зейнет болып, хақ тағалам қолдасын.
Кейде өмiрден жеңiлемiз, жеңемiз,
Кей қырсықты жеңе алмаймыз неге бiз?
Қателеспей өмiр сүрер жан болсақ,
Неменеге дүниеге келемiз?
О, тәңiрiм!
Маған деген жақсың болса сатпай бер,
Пешенеме бұйырғанын қақпай бер.
Рухани қуғындалған жанымды
Абайсызда жарақаттан сақтай гөр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу