Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  104


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Өкініш айтып өлеңге...

Өкініш айтып өлеңге,
Жазмышқа жағып көрем бе?!
Адамнан жұмбақ ештеме
Жоқ шығар мынау әлемде?
Құрбаның болдым сенің деп
Айтуға тұрдым тіл батпай.
Құмарлық қуған сезімді
Жасырдым жасын жұмбақтай.
Кінәлі болсаң өзің біл,
Жазықсыз болсаң көтерем.
Тамырдан жұлып сезімді,
Өкпелеп қана кетер ем.
Төзімді түртіп дара мұң,
Өткенді кезіп қарадым.
Жұбата алмай біреуді,
Өзім де жылап барамын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу