Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
117
Беттегi меңдi нысана дейдi бақыттың....
Беттегi меңдi нысана дейдi бақыттың,
Болса болар-ау, бiрақ мен кейде жасықпын.
Кешегi жазған өлеңiм бүгiн тозып қап,
Белгiсiз жаққа асықтым.
Ең күнәсiз бесiк жырынан нәр алдым,
Бұрымды қыздың қылығын кешкен баламын.
Қызықтың бәрi бұрыммен бiрге кеткендей,
Самарқау тартып барамын.
Күннiң нұрымен суарылдым да бас иiп,
Ана атандым, баланы сүйiп төс иiп.
Өлеңiм менiң – қаламсабымның көз жасы,
Ал әйел деген – қасиет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter