Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
139
Уақыттан озып келiп күзгi шық...
Уақыттан озып келiп күзгi шық,
Күн көрiгiн бiлдiртпей-ақ үзгiзiп.
Самайыма сәл ертерек қоныпты,
Маңдай шаштар бiр-бiрiне «көз қысып».
Мойындамай есеюдiң белгiсiн,
Қартаймағым, ортаймағым келдi шын.
Ақ шашымды қара түске боядым,
«Аққа қара жұқпайдыны» жеңдi iшiм.
Ақ-қара боп өмiр кешкен жолдарым,
Басым бақ боп, шашың ақ боп торлады.
Қара шаштың қалқасынан қылтиған
Ақ шашымды қараменен сомдадым.
Аппақ шаштың жазығы не сондағы?
Қара деген қасiрет қой қашаннан,
Ақ шаштар ғой iштен тынып баса алған.
Адамдар-ай, ақты бояп қарамен,
Жалғандықтың жарығымен жасанған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter